26 желтоқсан 2017 14:01

Атырау облысында бір топ жігіт екі полицейді дүкен ішінде сабаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Misanec.ru © Misanec.ru

Атыраудың Құрманғазы ауданының сотында полицейді соққыға жыққан үш ер адам сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атыраудың Құрманғазы ауданының сотында полицейді соққыға жыққан үш ер адам сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот мәліметінше, қазанда үш айыпталушының Ганюшкино ауылындағы "Адия-2" дүкеніне кіріп, Құрманғазы аудандық ІІБ-нің екі қызметкеріне себепсіз соқтыққан. Ішіп алған ер адамдар полицейлерге былапыт сөз айтқан. Осының салдарынан жанжал туған. Нәтижесінде айыпталушылар екі полицейді сыраның бос шөлмегімен ұрған. 

Тергеу барысында күдіктілер мен прокурор арасында кінәні мойындау туралы келісім жасалды. Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Сот үкімі бойынша олар 2 жылға бас бостандығынан шектелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети