27 ақпан 2017 12:06

Атырау облысында ер адам марихуананы емдік мақсатта пайдаланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vice © Vice

Атырау облысында ер адам марихуанамен ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Оның сөзінше, есірткіні ол емдік мақсатта пайдаланған. 


Атырау облысында ер адам марихуанамен ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Оның сөзінше, есірткіні ол емдік мақсатта пайдаланған. 

Қылмыстық істің материалдары бойынша, айыпталушы 2016 жылдың тамыз айында Индер ауданындағы "Алғабас Жорық" каналының маңында 15 түп жабайы марихуана теріп алған. Оны микротолқынды пеште кептіріп, ұнтақтаған және қаптап қойған. 

"Сот отырысы кезінде айыпталушы марихуананы емдік мақсатта қолданғанын, нақты айтқанда тіс ауруын басу үшін пайдаланғанын мойындады. Осыған байланысты жазасын жеңілдетуді сұрады", - деп хабарлады Индер аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Сот айыпталушыны ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша айыпты деп тауып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети