30 желтоқсан 2014 13:08

Атырау тұрғыны 500 мың теңгеге жуық ақшаны қолдан жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Атырау тұрғыны 500 мың теңгеге жуық жалған ақша жасаған, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Полиция 26 жастағы ер адамның үйінен қолдан жасалған 2000 теңгеліктерді тапты.


Атырау тұрғыны 500 мың теңгеге жуық жалған ақша жасаған, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Полиция 26 жастағы ер адамның үйінен қолдан жасалған 2000 теңгеліктерді тапты.

Бұған қоса, оның үйінен ақша жасайтын құрал-жабдық тәркіленді - компьютер, түрлі-түсті принтер, арнайы қағаздар. Полицейлер барлығы 219 дана жалған ақшаны тәркіледі, оның жалпы сомасы - 438 мың теңге. "Жалған ақша немесе құнды қағаз дайындау немесе сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бұған дейін Шымкентте жалған ақша жасаған 18 жастағы жігіт ұсталған еді. Одан номиналы 500 теңге болатын 17 дана купюра табылды. Жігіт жалған ақшаны қарапайым қағаздан жасаған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети