14 ақпан 2017 18:16

Атырауда 23 жастағы жігітті өлтірді деген екінші күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атырауда 23 жастағы жігітті өлтірді деген екінші күдікті қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда 23 жастағы жігітті өлтірді деген екінші күдікті қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жиналған дәлелдер мен жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде Атырау облыстық ІІД тергеу бөлімінің екінші күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу туралы өтіншін прокуратура қолдады. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Атырау облыстық ІІД өкілдері.

Күдіктінің адвокаты Төрехан Мұхтаров Tengrinews.kz тілшісіне бұлтартпау шарасымен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, осы іс "Бұзақылық" бабынан "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Сондай-ақ, күдіктінің адвокаты қорғалушысының қолында пышақтың болмағанын айтып отыр.

"Олар бастапқыда үшеу болды. Бір-бірімен сөзге келіскен, содан олардың бірі кетемін деген. Сол кезде менің қорғалушым қоқыс салатын жәшікті соғып немесе теуіп жіберген. Бірде оны 5-6 адам болып тұрған бір топ жігіт шақырып алады. Содан олар қорғалушымнан осы жәшік үшін 15 мың теңге көлемінде ақша төлеуін талап етеді. Мұның барлығы тергеу жұмыстары барысында анықталды. Кейін ол ондай ақша жоқ екенін, бірдеңені сындырып қойса, ертең ақшасын алып келетінін айтқан. Бірақ олар бұл ұсынысына келіспеген. Содан менің ойымша, бір топ жігіт одан ақша сұрай бастаған", - деп келтіреді өз нұсқасын адвокат.

Сондай-ақ, ол қорғалушысының пышақты көрген кезде, оқиға орнынан кетіп қалмақ болғанын айтып өтті.

Енді Төрехан Мұхтаров істің өзгертілуіне қатысты шағым түсірмек.

"Мен істің өзгертілуіне қатысты шағымданамын. Менің қорғалушым екінші жігіттің қолында пышақтың болғанын білмеген. Қалай алдын ала келісім жасады деп айтуға болады? Екіншіден, мен бұл оқиғаның жанжал мен төбелес салдарынан болғанын тағы да айтамын. Сол кезде жігітті соққыға алғандардан және соған куәгер болғандардан жауап алсын. Әкімшілік неге "102-ні" шақырудын орнына келушілерден ұялы телефондарын талап ететін белгісіз бір адамдарға хабарласқан?", - деді Мұхтаров.

Айта кетейік, осыған дейін Желіде Атыраудағы кісі өлтіру оқиғасының видеосы пайда болған еді. Қылмыс 6 ақпанда қала орталығындағы кафелердің бірінің маңында болған. Марқұм мекемеден шыққан кезде оған екі адам шабуыл жасаған. Ал кейінірек адвокат осы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді. 

Адвокат Айдос Ибрайымовтың айтуынша, бастапқыда екі жігіт оны ұрып-соғып, кейін олардың біреуі қаза тапқан Қожақанат Нұржановтың кеуде қуысына бірнеше рет пышақ тыққан. Олар осыған дейін таныс болмаған. Жігіттердің арасындағы жанжал дәмханада шыққан. Содан олар татуласқандай болған. Алайда кейін олар Қожақанат Нұржановты көшеге алып шығып, соққыға жыққан. Жігіттің өліп қалғанына көзі жеткен сәтте олар оқиға орнынан қашып кеткен", - деп келтірді өз нұсқасын адвокат Айдос Ибрайымов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети