11 қыркүйек 2017 18:09

Атырауда 9 жастағы қызды зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fonstola.ru © fonstola.ru

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 жастағы қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот процесі барысында 2017 жылдың сәуір айында болған оқиғаның мән-жайы анықталды.

"Атырау облысы Мирный ауылында сотталушы мас күйде бола тұра үйінің маңында тоғыз жастағы қызды көрген. Содан қызды өзімен бірге алып кетіп, оны зорламақшы болған. Бірақ қыз, қуанышқа қарай, қашып кетіп, үйіне кеткен", - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

"Сотталушының кінәсі расталды. Соттың шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"), 120-бабының 4-бөлігі бойынша ("Зорлау") айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген соттың хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети