03 желтоқсан 2014 09:54

Атырауда букмекер кеңсесіне шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©azh.kz ©azh.kz

Атырауда үш жігіт букмекер кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасады. Оқиға 1 желтоқсанға қараған түні Авангард-2 ықшамауданында болды, - деп хабарлайды жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.


Атырауда үш жігіт букмекер кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасады. Оқиға 1 желтоқсанға қараған түні Авангард-2 ықшамауданында болды, - деп хабарлайды жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.

Қарақшылар букмекер кеңсесіне медициналық бетперде киіп келіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытады. Күзетшіні ұрып-соғып, кассадан 70 мың теңге мен кассирдің жеке сөмкесінен тағы 20 мың теңге алып кетеді. 

"Бейнебақылау камераларының көмегімен полицияның патруль жасағы екі күдіктіні - Атыраудың 18 жастағы тұрғыны мен оның Алматы облысында туған құрдасы ұсталды. Алғашқысы көшеден ұсталды, оның қалтасынан жеті медициналық бетперде табылды. Екіншісі бесқабатты үйдің подъезінен ұсталды. "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір үшінші күдіктіні ұстау шаралары қолға алынып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова. 

Басылымның ақпарат көздерінің мәліметінше, екінші күдікті ұсталар алдында ашық тұрған люк арқылы қолындағы ақшаны подъездің шатырына лақтырып жіберді. Кейін полицейлер оны куәгерлердің көмегімен тәркіледі. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети