30 сәуір 2017 16:18

Атырауда ер адам бардың күзетшісіне бірнеше рет оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудағы сыра барында ер адам күзетшіге бірнеше рет оқ атқан, - деп хабарлайды Мой город


Атыраудағы сыра барында ер адам күзетшіге бірнеше рет оқ атқан, - деп хабарлайды Мой город

Төтенше жағдай 30 сәуірге қараған түні қаладағы көңіл көтеру мекемелерінің бірінде болған. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай туралы хабар 00.30-да келіп түскен. 

"Оқиға орнына полицейлер барғанда 29 жастағы ер адам мен 24 жастағы күзетшінің жанжалдасқаны белгілі болды. Салдарынан қонақ күзетшіге бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан із жасырған. Күзетші облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында резеңке оқ табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ІІД қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети