19 мамыр 2017 12:00

Атырауда мүгедек анасын халық емшісіне емдетуге апарған жігіт қайғыға душар болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Проза.ру © Проза.ру

Атырауда халық емшісі мүгедекті емдеймін деп өлтіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда халық емшісі мүгедекті емдеймін деп өлтіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы 13 бойы төсек тартып жатқан 2-ші топтағы мүгедек анасын емдетуге халық емшісімен келіскен. Емдеу кезінде емші науқастың сырқат аяқтарын күштеп созып, қолымен тізесін басқан. Ем кезінде жәбірленуші айқайлап, өзін нашар сезініп, есеңгіреп қалады. Сөйтіп жедел жәрдем шақыртуға тура келген. Салдарынан ол аудандық емханада травматикалық шоктың әсерінен қайтыс болған.

"Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігібойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы барысында сотталушы О.Н. және оның қорғаушысы мен аудан прокурорымен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталды", - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен күдікті ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және сараптама шығындары өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети