Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Атырауда өзін-өзі жұрт алдында тілгілеп тастаған жігіттің бұл іске неліктен барғаны белгілі болды

01 Тамыз 2016, 17:25
0
© insatgram/600ооо06
© insatgram/600ооо06

Атыраулық полицейлер қала көшелерінің бірінде болған оқиғаның себептерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, сол кезде белгісіз ер адам жұрттың көзінше өткір затпен өзін тілгілеп тастаған болатын.

Атырау облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, 30 шілдеде таңғы сағат 04.00 шамасында Байтұрсынов көшесінің бойында белгісіз біреулер қала тұрғынын соққыға жығып, заттарын ұрлап кеткен. Ұрылар оның ұялы телефонын және 15 мың теңгесін тартып алған. Сол күні шамамен 11.30-да полицияға қаладағы бір базардың күзетшілері хабарласып, күмәнді екі жігіттің ұялы телефон сатып жүргенін айтқан.

"Базар күзетшілері ол екеуінен ұялы телефонды тартып алып, оларды полиция келгенше ұстап тұрған. Алайда олардың біреуі қашып шығып, өзінің мойнына өткір затты (ұстараға ұқсас) тақап, ешкімнің жақындамауын талап етеді. Осы кезде оқиға орнына учаскелік инспектор келіп, суицидтің алдын алу үшін оқиға орнындағыларды сабырға шақырған. Осыны пайдаланған бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткен", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Алайда бір сағат уақыт өткеннен кейін қаскүнемдердің біреуі ұсталып, полицияға жеткізілген. Ол барлығын мойындап, Байтұрсынов көшесінің бойында ұрлық жасағанын айтты. Күдіктілердің екеуінің де аты-жөндері анықталды - олар бұрындары ұрлық ісі бойынша сотталған 1994 және 1992 жылғы атыраулықтар.

Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау үшін жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша тіркелді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай