18 сәуір 2016 16:04

Атырауда өзін-өзі ұрып-соққан жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube кадры © YouTube кадры

Атырауда сот полицейлердің көзінше қызметтік көлікте өз-өзін ұрып соққан ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда сот полицейлердің көзінше қызметтік көлікте өз-өзін ұрып соққан ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдың 35 жастағы тұрғыны Арман Ахметчин ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бойынша айыпты деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан шектелді. 

"Қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілсе де Ахметчин жазбаша түрде полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасады делінген жалған арызын түсірді. Салдарында балық жүргізушінің меншігінде емес болып шықты, қорытындысында Ахметчинге қатысты тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол кінәсін мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісімге келді", - деп атап өтті Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, ақпан айының соңында Атырауда ер адам жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көзінше қызметтік автомобильдің салонында өзін-өзі ұрып соққан болатын. "2016 жылдың 24 ақпанында шамамен 22.00-де Атырау - Индер автожолында, Жұлдыз ықшамауданына таяу жерде (қаланың кіреберісі) Атырау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік ротасының қызметкерлері тексеріс жүргізу үшін Lada Largus автомашинасын тоқтатады, оны Қостанайдың 1980 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Қарау кезінде автомашинада аса ірі көлемде балық табылған. Кейін сараптамадан балықтардың жалпы салмағы 210 келі болғаны анықталды. Балықты тасымалдау туралы құжат болмаған. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген еді таралған хабарламада.

ІІД өкілдерінің айтуынша, көлік жүргізушісі жауапкершіліктен қашпақшы болған, таныстарына хабарласып, телефонын жол-патрульдік полициясының қызметкерлеріне беруге тырысқан. Алайда полицейлер телефонды алмаған. Осы кезде ер адам өз-өзіне соққы жасап, кейін "102" номеріне хабарласып, полицейлерді ұрды деп айыптаған. Бірақ ер адам бұл оқиғаның видео тіркеу құрылғысына жазылып қалғанын ескермеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети