07 желтоқсан 2017 13:27

Атырауда түркиялық азаматты ерекше жолмен тонап кеткен қыз бен жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Атырауда қарақшылық шабуылдың салдарынан Түркия азаматы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды ATPress.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда қарақшылық шабуылдың салдарынан Түркия азаматы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды ATPress.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 6 желтоқсанда "Привокзальный-5" ықшамауданындағы №27 үйдің кіреберісінде болған.

ІІД Жедел басқару орталығының қызметкерлері көшедегі қамераның жазбасынан аулада екі жігіттің өтіп бара жатқанын көрген. Ал үйдің кіреберісінде тағы бір адамның тұрғанын көруге болады. Осы ауданға қалалық полицияның №2 бөлімінің қызметкерлері жіберілген. Олар жігіт пен қызды ұстаған.

"1994 және 1988 жылғы күдіктілердің осыған дейін сотты болғаны анықталды. Олар Түркия азаматына шабуыл жасаған. Ол пышақ жарақатын алған. Сондай-ақ, күдіктілер Түркия азаматының әмиянынан 50 мың теңге мен паспортын алып кеткен", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Полиция қызметкерлері қылмыс жасалған жердің аумағынан осы шабуылға қатысы бар деген күдікпен қыз бен жігітті ұстады. ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қыз Түркия азаматын алдап, үйдің кіреберісіне қарай кіргізген. Қазіргі уақытта қыз осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде танылды, бірақ ол қолхатпен босатылды.

Ал бүгін, 7 желтоқсанда екінші күдікті ер адам ұсталды. Қазір екі ер адам қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. ІІД мәліметінше, Түркия азаматына ақшасы мен паспорт қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети