09 қыркүйек 2014 11:41

Аудан әкімінің орынбасары алаяқтығы үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©metronews.ru ©metronews.ru

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары алаяқтығы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары алаяқтығы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушыға мүлкін тәркілеумен бірге үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айыру туралы үкім шығарылды. Әкімнің орынбасары жалпы режимдегі колонияда жаза өтейтін болады.

"Сотталушы Сарыағаш ауданы әкімінің 2012 жылдың 21 қыркүйегіндегі өкімі негізінде аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол өзінің қызмет бабын, арызданушының сенімін теріс пайдаланып, оны Жүзімдік ауылдық округіндегі Сәтбаев мекенінен 14 гектар жайылым жерін беруге шешім шығаруға көмектесемін деп алдаған", - делінген таратылған хабарламада.

Әкімнің орынбасары өз қызметі үшін бес мың доллар талап еткен. "Оның алдау жолымен өзгенің мүлкін жымқыруды көздеген әрекеті аяғына жетпеді, оны құқық қорғау органы қызметкерлері қолға түсірді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети