08 қыркүйек 2014 | 20:06

Аудан әкімінің орынбасары Астана мейрамханаларының бірінен 1,4 миллион теңгеге тамақтанған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулетбай Күлманов. ©kostanay.gov.kz Дәулетбай Күлманов. ©kostanay.gov.kz

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің орынбасары  Дәулетбай Күлманов Астана мейрамханаларының бірінде бақандай  1,4 миллион теңге жұмсаған,  - деп жазады "Наша газета". Мемлекеттік қызметкер Астанадағы мейрамханаға екі рет барған. 8 қыркүйекте аудан әкімі Жаңабай Бисимбаев орынбасарын жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарды. 


Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің орынбасары  Дәулетбай Күлманов Астана мейрамханаларының бірінде бақандай  1,4 миллион теңге жұмсаған,  - деп жазады "Наша газета". Мемлекеттік қызметкер Астанадағы мейрамханаға екі рет барған. 8 қыркүйекте аудан әкімі Жаңабай Бисимбаев орынбасарын жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарды. 

Өзінің қызметін асыра пайдаланғаны үшін және "Қамысты аудандық мәдениет үйіне" тиесілі қаржыны өз пайдасына жұмсағаны үшін қаржы полициясы әкімнің орынбасарына тергеу жүргізді. Алайда қылмыстық іс қозғалған жоқ. Құқық қорғау органдарының дерегіне қарағанда, шенеуніктің мейрамханаға жұмсаған қаржысы Қамысты мәдениет үйінің есеп шотына 2013 жылдың 11 қазанында аударылған. Қостанай облысының мәдени күндеріне орай аталған аудан Астанда өтетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысуға бару үшін үш миллион теңге бөлінген болатын.  Осы ақшаны Күлманов касса арқылы алған. Осыдан кейін ол Қамысты ауданының әкімімен бірге елордаға барып 15 қазаннан 20 қазанға дейін сол жақта болды. 

Іссапардан келген соң Күлманов кассаға 1 130 000 теңге қайтарып береді және мейрамханадан 865 мың теңгеге тамақтанғанын айғақтайтын счет-фактура әкелген. Одан кейін әкімнің орынбасары "Чаури" ЖШС-ға қарасты мейрамханадан 1 022 000 теңгенің құжатын әкеледі. Кейін белгілі болғандай мейрамхана әкімнің орынбасарына 522 мыңға қызмет көрсеткен екен. Ал 1 022 000 теңгенің түбіртегі қолдан жасалған. Сонымен Күлмановтың Астана мейрамханаларынан тамақтануға жұмсаған ақшасының жалпы сомасы 1,387 миллион теңге, қалған 483 мыңның қайда кеткенін ол есептеп бере алмады. 

Күлманов мейрамханаларға осыншалықты көп қаржы жұмсағаны үшін жауапқа тартылмайтын болды. Себебі, бұл ақша оған сеніп тапсырылмаған. Сондықтан қаржы полициясы тексеріс қорытындыларын ауданның тәртіп кеңесіне жіберді. Кеңестің отырысына шенеунік қанша мәрте шақырылғанмен бірде бір рет бармаған. Өйткені осы жылдың мамыр айынан бастап 12 тамызға дейін Күлманов денсаулығына байланысты 9 рет демалыс алыпты. 

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети