20 қыркүйек 2021 11:11

АШМ кәсіпорнының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшыларының біріне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, мемлекеттік кәсіпорын басшыларының біріне қатысты ірі көлемде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Күдікке ілінген тұлға жеткізуші компаниялар өкілінен "Фитосанитария" ШЖҚ РМК 11 аумақтық бөлімшесіне жеткізілетін тауарларды қабылдау-тапсыру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

Іс бойынша ұсталғандар тергеу барысында ынтымақтастық танытып, іс бойынша жауап беріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети