18 наурыз 2014 11:55

Ауыл шаруашылығы министрлігінде тағы бір жемқорлық ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vchaspik.ua сайтынан Фото vchaspik.ua сайтынан

ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Нығмет Жақыпбаевтың жалған құжаттарға қол қою арқылы мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2012 жылы Н.Жақыпбаев мырза ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымын атқарып жүрген кезде Шығыс Қазақстан облысының үш ауылында біртектес ветеринариялық зертханалардың құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған. Сөйтіп, мемлекет қазынасына 83 миллион теңге шығын келтірді. "Жақыпбаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген ресми хабарламада. Алайда оның егде жасына және денсаулық жағдайына байланысты кепілпұл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. Бүгінгі күні оның басқа сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети