10 қаңтар 2017 08:19

Ауыратлет Владимир Седовтың ағасы төбелес үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wfrk.kz © wfrk.kz

Әлем чемпионы Владимир Седовтың ағасы - Ауыр атлетикадан ерлер арасында Қазақстан құрамасының бапкері Сергей Седов төбелескені үшін сотталды, - деп хабарлайлы Vesti.kz тілшісі "Время" газетіне сілтеме жасап.


Әлем чемпионы Владимир Седовтың ағасы - Ауыр атлетикадан ерлер арасында Қазақстан құрамасының бапкері Сергей Седов төбелескені үшін сотталды, - деп хабарлайлы Vesti.kz тілшісі "Время" газетіне сілтеме жасап.

Оның ісі Алматыдағы Бостандық аудандық сотында қаралыпты. Оқиға өткен жылдың 24 қыркүйегінде болған. Седов Алматыдағы кафелердің бірінде ішімдік ішкен. Отырыс барысында олардың бірі ұйықтап кетіп, мұнысы бапкерге жақпай қалыпты. Седов бастапқыда оған ескерту айтады, ал кейін оны көшеге шығарып алып, жанжал бастаған. Кейін дау шешіліп, қалған екі досы кафеге, ал Седов досымен бірге үйіне кеткен. Алайда кафеге кіріп кеткен досы қайта шығып, Седовқа жетіп алады. Осы кезде жаттықтырушы оған бір рет соққы жасайды. Әлгі досы соққыдан есін жоғалтып алған.

Кейін дәрігерлер зардап шеккен азаматтың денсаулығына ауыр зақым келгенін анықтайды. Сөйтсе, ол жабық бассүйек жарақатын алған, миына зақым келген, маңдай сүйегі сынған. 

Басылымның мәліметінше, Седовтың досы өлім аузында болған. Абырой болғанда, ол тірі қалып, ал қылмыстық іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қарастырылған. Осы бап бойынша, жаттықтырушы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда ол жәбірленушіге келген шығынды ішінара өтеп беріп, тараптар татуласқан. Сотта Седов өз кінәсін мойындаған. Сот оны үш жылға бостандығын шектеп, жәбірленушіне 2,5 миллион теңге көлемінде шығын өтеуін міндеттеген.

Ендігіде ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылы бар бапкердің Қазақстан құрамасында жұмысын жалғастыра ма, жоқ па, белгісіз қалып отыр екен.

Айта кетейік, 31 жастағы Седов ерлер арасындағы Қазақстан құрамасын 15 сәуірден бастап жаттықтырған. Бұған дейін ол Алматы облысы бойынша Ауыр атлетика федерациясында жұмыс істеген. Ал оның інісі Владимир Седов 2009 жылы әлем чемпионы атанған. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында ол төртінші орын алған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети