Аялдамадан ер адам өлі табылды: Ақмола облысында күдікті ұсталды

05 Сәуір 2018, 11:39
0
Аялдамадан ер адам өлі табылды: Ақмола облысында күдікті ұсталды - © nvdaily.ru
© nvdaily.ru

Полицейлер Ақмола облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"3 сәуірде Бурабай ауданы Жарқайың ауылының маңындағы автобус аялдамасынан полиция қызметкерлері денесінде соққы іздері бар ер адамның мәйітін тапты. Марқұмның кім екені анықталды, ол Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 49 жастағы тұрғыны екені анықталды", - деді полицейлер. 

Құқық қорғау органдары қайтыс болған ер адамның Жарқайың ауылындағы шаруа қожалықтардың бірінде әртүрлі жұмысты атқаратыны анықталды. Осы жерде оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды. 

"Жедел тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері денеге ауыр жарақат салған күдіктіні, яғни Шучинск қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Сондай-ақ күдікті шаруа қожалық иесінің туысы болып шыққаны анықалды. Ол қаза тапқан адамды қрлады деп күдіктеніп, ауар дене жарақаты салып, содан кейін шаруа қожалық иесінің ұлымен ер адам ШҚ аумағынан шығарып тастауды ұйғарып, аялдамаға тастап кеткен", - деді ІІД өкілдері. 

Полиция мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмытық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі  ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай