Аян Мейірбаевтың әпкесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істегі фигурант Аян Мейірбаевтың әпкесіне айып тағылып отыр.
Аян Мейірбаевтың әпкесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істегі фигурант Аян Мейірбаевтың әпкесіне айып тағылып отыр.
"Астана ІІД өндірісінде 2016 жылдың 18 қазанында тіркелген қылмыстық іс бар. Іс бойынша, А.Мейірбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігінде ("Көрінеу жалған мәлімет беру") және 434-бабында ("Қылмыс туралы хабарламау") қарастырылған қылмыс жасады деген күдік келді", - делінген хабарламада.
ҚР ІІМ өкілдері соталды тергеудің мәліметтері жария етілмейтінін хабарлады.
Еске салайық, осыған дейін 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтіргеннен кейін оның мәйіті Аян Мейірбаевтың отбасына тиесілі көліктің жүксалғышына салынғаны белгілі болған еді. Аян Мейірбаев бастапқыда кісі өлтіру бойынша күдікті болып, кейін жәбірленушіге айналған болатын.
Мәйітті Мейірбаевтың әпкесі көлікті автожууға алып келген кезде тапқаны хабарланған. "Түсіндіре кетейік, Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін көлікке Әжімбай салған. Бұл соттың үкімінде бар. Кейін Аян Мейірбаевтың әпкесі көлікте мәйіттің барын білмеген. Автожууға келген кезде бірақ көріп қалған. Іс материалында видео бар, осылайша мәйіт табылған", - деп түсіндірді Аян Мейірбаевтың әкесінің адвокаты.
Сонымен қатар, осыған дейін мәйітті қала сыртына жеткізуге бөгде адамдардың көмектескені айтылған еді, оларды, адвокаттың айтуынша, полиция іздестіріп жатыр.