14 қазан 2015 16:45

Әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтың ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтың ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қанат Сәдуовтің ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5-пунктінде қарастырылған заң бұзушылықты жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі материалдары 2015 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 300-бабына сәйкес, Астананың "Сарыарқа" аудандық прокуратурасына Астананың ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотына қарауға және жіберу үшін жолданды. Қазіргі уақытта прокурор айыптау актісін бекітті, іс сотқа жолданды", - деп хабарлады баспасөз өкілдері редакцияның сауалына жауап бере отырып.  

Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Сәдуов Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының территориясында ұсталған.

Еске салайық, бұл оқиға мамыр айының соңында, тура соңғы қоңыраудың ертеңіне болған еді. Астанадағы №25 мектепте жұмыс істеген әйелін Қанат Сәдуов сыртқа шығарып, үстіне жанармай құйып өртеп жіберген болатын. Денесінің 70 пайызын күйік шалған ұстаз ауруханада бір аптадай жатып, ақыры есін жимастан көз жұмды. Оны жер қойынына тапсыруға күйеуінің бірде-бір туысы келмеді дейді марқұмның жақындары. Осы іске байланысты ҚР ҚК "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұдан кейін Астананың полицейлері аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер Қанат Сәдуовты 14 қыркүйекте ұстаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети