Әйелінің көзін шығарып, өлгенше сабаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

31 Тамыз 2017, 12:19
0
Әйелінің көзін шығарып, өлгенше сабаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты - Сотталушы Рустам Утепов. © Alau.kz
Сотталушы Рустам Утепов. © Alau.kz

Қостанайда әйелінің көзін шығарып, өлгенше сабаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды alau.kz.

Үкім Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында шығарылды. Рустам Өтепов 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі және 106-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты де таныды. 

Еске салайық, қылмыс 25 мамырда болған. Өтепов өз сүйіктісімен бірге танысына қонаққа барған. Алкоголь ішімдік ішкеннен кейін сүйіктісіне шабуыл жасаған. 

"Саусағымен көзін шығарып, Ибраеваға дене жарақатын салған", - деді мемлекеттік айыптаушы Рустам Даутов. Осыдан кейін шабуылдаушы мен жәбірленуші кетіп қалған. Алайда олар ауруханаға емес, өздері тұрып жатқан үйге қайтып кеткен. Үйінде Өтепов сүйіктісін сабаған. 

"Ибраеваға кеуде тұсына және денесіне жұдырықпен соққылар жасаған, кеуде тұсына асхана пышағымен болмашы жарақат салған. Өз әрекетімен оны өлтіретінін білген ол мұнысымен қоймай, өкпеге ауа қатерлі деңгейде ғана өтетін жағдайда қысып ұстап, адамның өмірлік маңызы бар органдарын қысып ұстаған", - делінген айыптау мәтінінде. 

Зардап шеккен қыз оқиға орнында қаза тапқан. Өтеповтің әрекеті "Аса қатыгездікпен денсаулыққа көрінеу ауыр зақым келтіру" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қарастырылды. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінді. Өтепов Ибраеваны өте қатты жақсы көргенін және оның кетіп қалатынын білген соң шабуылдағанын айтты. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай