28 мамыр 2016 22:54

Әйгерім Оспанбекованың өліміне тағы үш адамның қатысы бар - адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

17 жастағы шымкенттік студент қыз Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдікті Әлішер Арғынбековтың адвокаты бұл іске тағы үш адамның қатысы барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz


17 жастағы шымкенттік студент қыз Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдікті Әлішер Арғынбековтың адвокаты бұл іске тағы үш адамның қатысы барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz

"Менің қорғауымдағы адам тергеудің басынан бері кісі өлтіруге қатысы бар тағы үш адамның барын мәлімдеумен болды. Олар оған жолақысын бермей, көліктен шығып, қыздың ұялы телефонын берген. Олар ақша алып келіп, ұялы телефонды алып кететінін айтқан. Бірақ қайтып келмеген. Қазіргі уақытта күдіктіге табылған ұялы телефонға байланысты ғана айып тағылып отыр. Қорғауымдағы адам сол үш адамның аты-жөндерімен қатар, туған күндері мен жылдарын атаса да, тергеу ешқандай да іздеу жұмыстарын, ешқандай да тексеріс шараларын жүргізген жоқ", - деді адвокат. Алайда адвокат күдіктінің айтқан адамдардың кім екенін нақтыламады.

Айта кетейік, кеше, 26 мамырда күдікті екі айға қамауға алынған болатын. Еске салайық, Жібек жолы ауылының тұрғыны - 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша істе күдікті. Шымкенттегі жоғары оқу орнының студенті Әйгерім Оспанбекова 10 мамырда жоғалып кеткен еді. Қылмыстық істің материалдары бойынша, қыз оның көлігіне Сарыағаш ауданында отырған, бірақ Шымкентке сол күйі жетпеген. Прокурордың айтуынша, Әйгерім оның көлігіне отырғанда салонда тағы екі жолаушы болған. Әйелдер шығып кеткен, ал 17 жастағы студент Шымкентке жетуі тиіс болған. Бірақ қалаға жетпестен Opel Vectra маркалы автомобиль бұзылып, орталарында жанжал шыққан. 

ОҚО ІІД мәліметінше, 25 жастағы жүргізуші ашуланып, қыздың ішіне және кеудесіне төрт мәрте бұрауыш тығып алған. Кейін денесін жасырғысы келген. Сарыағаш ауданына қарай бағыт алған көлік жүргізушісі жол бойындағы дүкендердің бірінен скотч сатып алып, қыздың мойнын орап, аяқ-қолын байлаған. Кейін студенттің денесін Сарыағаш ауданындағы Бағыс ауылының маңында көміп кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети