26 шілде 2019 14:31

Айман Омарова түрмеде зорланған трансгендер жайлы: "Викторияға қысым көрсетілуі мүмкін!"

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзінің түрмеде зорланғанын айтқан трансгендер Виктория Берікқожаеваның адвокаты Айман Омарова өзінің қамқорлығындағы әйелді қорғауды сұрайды. Айман Омарова жәбірленушіге қысым көрсетілуі мүмкін деп қорқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзінің түрмеде зорланғанын айтқан трансгендер Виктория Берікқожаеваның адвокаты Айман Омарова өзінің қамқорлығындағы әйелді қорғауды сұрайды. Айман Омарова жәбірленушіге қысым көрсетілуі мүмкін деп қорқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Виктория мен куәгердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіді сұраймыз. Сонымен қатар, істі Бас прокуратураның арнайы прокурорына тапсыруды сұраймыз. Өйткені, әйтпесе бұл іс сотқа жетпей қалады. Виктория үнемі қорқыныш сезеді, оған қысым жасалады деп қорқады. Сонымен қатар, біз оның киімін зерттейтін сарапшыларға да қауіп төнеді деп елеңдейміз.

Арыз жазылды, қылмыстық іс 121-бап, 2-бөлік, 4-тармақ бойынша тіркелді. Тергеу жұмыстарын Іле АІІБ жүргізіп жатыр, бірақ біз қысым болады деп ойлаймыз. Колония басшылығы қылмыс жасаған адамның кім екенін білмесе, тыныш кіріп шығып жүре беруге болса, оның жәй ауладан не артықшылығы бар?" - дейді Айман Омарова.

Адвокаттың айтуынша, барлығы колония басшылығының кабинетінде болған.

"Бұл адам террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс істеуге келген. Содан кейін Викторияны шақырып, психолог ретінде танысқан. Оған қатысты күш қолдану әрекеттері 19, 20 және 24 шілдеде болды. Соңғы рет оның футболкасы түгел биоматериалда болған", - дейді Омарова.

Еске салсақ, мұның алдына бопсалау ісі үшін жеті жылға сотталған трансгендер Виктория Берікқожаева өзінің Алматы облысында "Жауғашты" түрмесінде зорланғанын айтқан еді. 

"Мені сот-медициналық сараптамадан алып келді. Бәрі келді - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен де, прокуратурадан да. Заттай айғақтарды көргенде бәрі жағасын ұстады. Айғақтарды алып, сараптамаға жіберді. Барлық құжатты алдым, бір айдың ішінде дайын болуы керек (сараптама нәтижелері - авт.). Мен зардап шегуші болып танылдым", - деді Виктория Берікқожаева телефонмен Tengrinews.kz тілшісіне. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети