31 қазан 2016 17:46

Бақытбек Есентаевқа қатысты үкім 3 қарашада шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытбек Есентаев Бақытбек Есентаев

Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сот отырысында тараптар тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сот отырысында тараптар тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы облысының ауданаралық қылмыстық істер бойынша арнайы сотында Есентаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тараптарды қатар тыңдау өткізіліп, айыпталушының соңғы сөзіне дайындалу мен алқабилер соты үкім шығаруға дайындалу үшін 2016 жылдың 3 қарашасына сағат 11-ге дейін үзіліс жарияланды.

Дегенмен сот отырысының жабық өтуіне байланысты журналистерге айыптау сөзі мәлімделмеді.

Сот отырысына Баян Мақсатқызы келді.

Айыпталушы Бақытбек Есентаевты екі адвокат - Мұхтар Мырзатай мен Бекболат Жексейітов қорғап жатыр.

Еске салайық продюсердің адвокаты Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істі тоқтату туралы өтініш білдіргенін мәлімдеген болатын

Еске салайық, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.

Бақытбек Есентаев ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу", "Сексуалдық сипаттағы күш қолдану" және "Зорлау" баптары бойынша айыпталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети