Тергеу мәліметінше, ер адам балалармен танысып, оларға ерсі ұсыныстар айтып, үйіне қонаққа шақырып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу мәліметінше, ер адам балалармен танысып, оларға ерсі ұсыныстар айтып, үйіне қонаққа шақырып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балқаштың 27 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы балаларды азғырды деген күдікке ілінді. Ер адам балалармен танысып, оларға түрлі сылтаулар айтып, әлеуметтік желілерде хат алмасып, сексуалдық сипаттағы ұсыныстарды айтып отырған. Сондай-ақ, ер адам олардың интим суреттерін жіберуді сұраған. 13 жастағы мектеп оқушысының анасы осындай мазмұндағы хаттардың бірін жазда байқаған екен. Бірақ сол сәтте анасын ер адамның баласын азғындағанын дәлелдей алмаған. Жақында тағы бір әйел 27 жастағы ер адамға осыған ұқсас айып тағып, полицияға шағым түсірген.
"Бүгінде Балқаш қаласы бойынша екі дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") тіркелді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылданды.
"Балқаш қалалық соттың үкімімен Балқаш қалалық ІІБ тергеушісінің өтініші қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға қамауға алу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Ер адамның психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды.