10 желтоқсан 2019 09:41

Балқашта педофил деп айыпталған ер адам полицейлерден зорланғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта жеті жасар қыз анасының танысынан зорланғанын мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайын КТК тілшілері анықтапты. 


Балқашта жеті жасар қыз анасының танысынан зорланғанын мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайын КТК тілшілері анықтапты. 

Күдіктінің өзі айыппен келіспейтінін айтып, азап көргенін мәлімдеген: 44 жастағы Аманжол Әлібаев полицияда жауап алудан кейін жансақтау бөліміне түсіп қалған. 

Зорландым деген баланың анасы Жанаргүл Балқашқа емделуге келген. Қалада ол ер адаммен танысып, үйінде бірнеше күн қалған. Кейін қызын сонда апарған. Ал кеше әйел дүкенге шығып кеткенде ер адам әйелдің қызын зорлаған-мыс.

"Аға мені шақырып алып, төсекке жатқызып, шалбарымды шешіп, қолын жүгіртті", - депті әйелдің қызы. 

Осы кезде анасы үйге кіріп келіп, бұл жағдайдың үстінен түсіпті. Ол дереу қызын киіндіріп, танысының үйінен кетіп қалған. Айғай-сүреңге көршілер жиналған. 

Көршілерінің бірі Қызғалдақ Жұмаділова оқиғаны былай есіне алады: Әйел баласымен осында тұрды. Ер адам олардың қасында болды. Ер адам әйелді ұстап тұрды. Әйел менен көмек сұрады. Қызы жалады. Ол "Ауырып жатыр" деді. Анасы "Ол зорлады" деді.

Сол күні кеште күдікті ұсталған. Ер адам үйленбеген, жалдамалы баспанада жалғыз тұрған. Шошып қалған қыз ауруханада бірнеше күн жатқан. Қыздың анасы өзін кінәлап отыр. 

"Неге жуындыруға бара қалып едім, неге бардым екен, не үшін қалып қойдым екен? Есім адасқандай. Өзіме қол салғым келеді, қатты қиналып кеттім", - дейді Жанаргүл. 

Екі күн өткенде күдіктінің өзі жансақтау бөліміне түсіп қалған. Ауруханаға оны жауап алудан кейін жеткізіпті. Аяғы сынған ол мүгедектер арбасымен жүруге мәжбүр, ал дәретханаға катетер арқылы барады. Ер адам полиция қызметкерлерінің оны дубинкамен зорлағанын айтқан. 

"Кісен кигізіп, батареяға байлап тастаған. Ол жақтан ессіз күйде шықты. Тоқ ішегі жарылған. Дәреті қанмен араласып, шіри бастаған. Оны бес полицей соққыға жыққан. Шын мәнінде қылмыс жасаған болса, тергеп, соттасын. Бірақ әлі дәлелденген де жоқ қой", - дейді күдіктінің сіңлісі Жұмажан Әлібаева. 

Сөйтсек, сараптама қорытындысы бойынша, 7 жасар қыз зорланбаған болып шықты, алайда жыныс мүшелеріне зақым келген екен. 

Ал күдіктінің туыстары енді жауап алған полицейлерді жазалауды талап етіп отыр. Олар ІІМ мен Бас прокуратураға шағым жазған. Облыс орталығында да тергеу басталған. 

"Тергеу барысында айыпталушы полиция қызметкерлерінің дене жарақатын салғанын айтып, шағым жазды. Осы дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік қызметі қылмыстық істі тіркеп, оның аясында арызданушы айтқан деректер тексеріледі", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Жаңатай Сембеков. 

Аманжол Әлібаев бірнеше күрделі операциядан кейін тергеу изоляторына жеткізілді. Енді күдіктінің тағдырын сот шешеді. Зардап шеккен қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети