28 наурыз 2014 19:16

Банк филиалының директоры ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Шымкентте бір банктің облыстық филиалының директоры ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынды - деп хабарлайды Tengrinews.kz . "Интерфакс-Қазақстан" сайтына сілтеме жасай отырып. 


Шымкентте бір банктің облыстық филиалының директоры ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынды - деп хабарлайды Tengrinews.kz . "Интерфакс-Қазақстан" сайтына сілтеме жасай отырып. 

Шымкенттегі Әл-Фараби сотының мүшесі Маратәлі Бекназаровтың хабарлауынша, 175-баптың 4-бөлімі "б" пункті бойынша (ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін) күдіктіні қамауға алуға 2 айға санкция берілген. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментінің мәліметтерінше, Оңтүстік Қазақстандағы банк филиалының директоры Шардара қаласындағы банк бөлімшесін тонауға қатысты, - деп айыпталып отыр. Шардара қаласындағы банк филиалынан 63 миллион теңге қолды болған. 

Департамент деректері бойынша тонаушылар металды қоршауды бұзып банк күзетшісі әдейі ашық қалдырған терезеден кірген. Олар бейнебақылау камераларын сөндіріп, ақша сақталған орыннан 63 миллион теңгені үлкен сөмкелерге салып алып шыққан. Бүгінде ұрлыққа қатысы бар деп танылған банктің 6 қызметкері және күзетшісі күдікті ретінде тұтқындалды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети