19 маусым 2015 16:57

Батыс Қазақстанда 17 жастағы қыз жезөкшелікке жегілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© top.rbc.ru © top.rbc.ru

Батыс Қазақстанда 17 жастағы қыз жезөкшелікке жегілді, - деп хабарлайды "Мой город".


Батыс Қазақстанда 17 жастағы қыз жезөкшелікке жегілді, - деп хабарлайды "Мой город".

БҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда Тасқала аудандық полиция бөліміне бір әйел барып, өткен жылдың желтоқсан айында кәмелет жасқа толмаған қызының үйден шығып кетіп, әлі күнге оралмағанын айтқан. Полицейлер сол күннен бастап қызды іздеуге кірісті.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында жоғалып кеткен 17 жастағы қыздың облыс орталығында жезөкшелікпен айналысып жүргені анықталды. Сонымен қатар, оны мұндай әрекетке Оралдың 27 жастағы тұрғынының тартқаны белгілі болды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, кейін оралдық әйелдің кәмелет жасқа толмаған қыздың материалдық жағдайын пайдаланғаны анықталды. Қыз жағдайы төмен отбасынан шыққан, еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК 134-бабы "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети