24 қаңтар 2017 08:51

"Бауырымды үш адам өлтірді. Ол жазда үйленуі керек еді"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде өткен аптада ақтөбелік тұрғынды белгісіздер өлтіріп кетті. Бұл туралы мәліметті Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында марқұмның туысы жариялады. 


Ақтөбеде өткен аптада ақтөбелік тұрғынды белгісіздер өлтіріп кетті. Бұл туралы мәліметті Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында марқұмның туысы жариялады. 

"2017 жылдың 16 қаңтарында түнгі сағат екіде бауырым Абат Үмбетов қаза тапты. Қайырымды әрі жарқын жүзді бауырымның болашақ жоспарлары көп еді, біз үшін ол бауырымыз, баламыз еді. Мәскеу ауданында үш адам бұл біреудің өмірі екен демей және өмірін алуға құқы жоқ екенін ойланбай пышақпен бес рет пышақтаған. Бұл жазбаны неге қалдырдым, істің осылай жабыла салмауы үшін", - деп жазды марқұмның туысы.

"Бұл адамдар заң аясында қатал жазалануы тиіс. Жер бетінде олар адам жанын алғаны үшін, ал о дүниеде Алланың сұрауы болсын!!! Ал біз өз кезегімізде оларды жазасыз қалдырмау үшін қолдан келгенді жасаймыз! Адамдарға айтарым, қайырымды болыңыздар, адамгершілікті ұмытпаңыздар! Өлім-жітім онсыз да көп. Ал кісі өлтіру???!!! Неге???!!! Бауырым Абатик, жатқан жерің жайлы болсын!!! Жақсы көреміз, еске аламыз, қайғырамыз!!! Адамгершілігі жоқтар жазалансын!!! Олар кінәсіз адамды өлтірді, тонау үшін қарулы шабуыл жасады. Ол небәрі 28 жаста еді. Жазда ол үйленуі керек еді", - делінген жазбада.


Абат Үмбетов Ақтөбеде туған. 2006 жылы №37 орта мектепті бітірген. Тынышбаев атындағы ҚазАТК тасымалдауды ұйымдастыру және логистика факультетінде оқыған. Сурет әлеуметтік желіден алынған.

Times kz мәліметінше, Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері кісі өлтіру оқиғасын растапты, алайда қылмысқа үш адамның қатысы бар дегенді жоққа шығарып отыр.

"Түнгі екіде "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі мен жолдан жаяу өтіп бара жатқан екі адамның арасында жанжал туған. Бұл Вагонная көшесінде болған. "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі жігіттердің біріне пышақ салған, салдарынан ол қаза тапты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Лаура Забих.

"Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тінту кезінде киімінен қанға ұқсас сұйықтық іздері, пышақ табылған. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр", - деп жазады басылым.

Алайда марқұмның бауыры Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өлтіргендер үшеу, ал оның екеуі ғана ұсталған дегенді айтады. "Қылмыс кезінде інімнің қасында танысы болыпт. Ол бастапқыда үшеу болғанын айтты, кейін полициядағылар қысым көрсетіп, енді ол екі ғана адам болды деп отыр. Осыдан кейін біз қысым көрсеткен тергеушінің үстінен прокуратураға шағымдандық. Үшінші адам кім? Білмеймін. Ал інімнің танысы қорқып отыр. "Қорықпа! Адвокат бар. Қалай болғанын айтып бер! Қорықпа!" деп жатырмын", - деді Ерлан.

Айтуынша, ұсталғандар есірткі қабылдайтын адамдар. Кісі өлтіруге қолданылған қару - бәкі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети