11 маусым 2016 10:29

Баян Есентаеваның күйеуі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваның күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


Баян Есентаеваның күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Бақытбек Есентаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 128-бабы бойынша ұсталды. Ол Талғар аудандық ІІБ-де 72 сағатқа қамауға алынды.

Сонымен қатар, ІІД мәліметінше, Есентаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, осы бапта көрсетілген қылмысқа барған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.

Айта кетейік, Баян Есентаева зардап шеккен жанжал 10 маусымда Құлжа тас жолында Еңбекші ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы тұста болған. Куәгердің айтуынша, жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста екі көлік тұрған. Олардың маңында ер адам мен әйел ұрысып жатқан. "Шулы орын болғандықтан олардың айғайы естілмеді. Ер адам көшеде тұрды, әйел болса көлікті айнала жүгіріп, терезесін қағып жатты. Бастапқыда назар аудармадық, қыз бен жігіт ұрысып жатқан шығар дедік те қойдық. Кейін ғана танымал адамдар екенін білдік", - дейді куәгер.

Дәрігерлердің айтуынша, Баян Есентаеваның жағдайы әзірше тұрақты. "Емделушінің жағдайы ауыр, тұрақты. Жансақтау бөлімінде жатыр. Кеше барлық мамандар: окулистер, нейрохирургтар қарап шықты. Бассүйек миына, көкірек қуысына компьютерлік томография жасалды. Жабық бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақатымен түсті. Ота жасалды. Есін жиды. Басқа ота жасау жоспарда жоқ. Көзі де жарақаттанған", - деді емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети