13 маусым 2016 13:56

Баян Есентаеваның суретін таратқан адам жеті жылға сотталуы мүмкін - заңгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Баян Есентаева © Баян Есентаева

Баян Есентаеваны аурухана төсегінде жатқан жерінде суретке түсіріп, оны жариялаған дәрігерлерді 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында жазды.


Баян Есентаеваны аурухана төсегінде жатқан жерінде суретке түсіріп, оны жариялаған дәрігерлерді 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 148-бабына ("Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу") сәйкес болып отыр. "Адамның жеке өмірі туралы оның жеке, отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы жасаған дәл сол әрекет бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді Сүлейманов. Қорғаушының айтуынша, мұндай мәліметке оның денсаулығына байланысты жарияланған фотолар да жатады.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ оны үш тәулікке қамады, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети