"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасының қамау мерзімі ұзартылды

02 Мамыр 2017, 15:53
0
"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасының қамау мерзімі ұзартылды - © ortcom.kz
© ortcom.kz

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбековтің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың 24 сәуірінде Астананың Алматы аудандық №2 соты күдікті Бақыт Жақсыбековтің қамау мерзімін 2017 жылдың 30 мамырына дейін ұзартты, яғни, қамау мерзімі бір айға ұзартылды", - деді Астана қалалық сотындағылар.

Ал осы істегі басқа фигуранттардың қамау мерзімі 17 мамырға дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, былтыр 17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшыларының ұсталғаны хабарланған болатын. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Сондай-ақ, Мәжілістің бұрынғы спикері Жақыповтың ұлын ұстау сәті түсірілген видео пайда болған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай