12 сәуір 2016 12:50

Белгілі сәулетші Ермегияевтің ісіне қатысы бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews Иллюстрация © Tengrinews

Қазақстанның белгілі сәулет нысандарын жасаған адам Ермегияевтің қылмыстық ісіне қатысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан миллиардтаған қаражат жымқыру ісі бойынша сот процесі жүріп жатыр.


Қазақстанның белгілі сәулет нысандарын жасаған адам Ермегияевтің қылмыстық ісіне қатысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан миллиардтаған қаражат жымқыру ісі бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Бүгін сотталушы Шоқан Матайбековтен жауап алынды. Ол - белгілі сәулетші. Әр жылдарда ол елдің белгілі құрылыстарына қатысып, Астананың 2005 және 2007 жылдар аралығындағы бас сәулетшісі болған.  

Осы іс бойынша 56 жастағы Шоқан Матайбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігімен "Пара беру" (16.07.1997 жылғы редакция) айыпталып жатыр. Бірінші сот отырыстарында ол өз кінәсін мойындады. Бүгін Матайбеков "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің техникалық-экономикалық құрылымы негізіне қатысқанын айтып берді. 

Сонымен қатар, ол "Астана ЭКСПО" нысандарын жобалауға қатысушыларды іріктеу бойынша жұмыстың қалай жүргізілгенін айтты. 

"Менің көңілімнен шықпағаны, жобаға қатысқан барлық шетелдік компания үнемдеу мен тиімділікті уайымдамады. (...) Біздер ол жаққа барып, олар не айтса, соны орындадық. Мен жобалаудың ақаулары мен кемшіліктерін көрдім", - деп білдірді пікірін Матайбеков. Оның айтуынша, қазақстандық сәулетшілерді ірі масштабты жобаларға қатыстырмаған. 

"Айталық, әлем бойынша іріктелген 25 адам, олардың ішінде ұлы есімдер де болды. Мәселен, Заха Хадид, Николетти және тағы да сол сияқты. Бұл ірі сәулетшілер, бұл жақсы. Бұл сәулетшілерге жұмысы үшін 100 мың долларлап төледі, ал жергілікті сәулетшілерге төлей алмайтындарын айтты", - деп мәлімдеді сотқа Шоқан Матайбеков.

"Сонымен қатар, олар танымал болмаса да неміс сәулетшісі Альберт Шпеер-кішіні жалдады. Оның әкесі атақтырақ. Ол Альберт Шпеер - Адольф Гитлердің жақын досы. Ол Берлиннің жобалауына қатысқан. Ол (Альберт Шпеер-кіші - Авт.) әйтеуір бір жолмен сол жақтан табылып, оған сынақ жобасын тапсырды. Бірақ осы сынақ жобасын конкурсқа қатысқандардың барлығы да орындап, жетілдіруі керек болды. Бұл не болды сонда? Ал оның идеясы абсурд - "Мұнайдың соңғы тамшысы". Шартты түрдегі сәулет бар. (...) Түптің түбінде конкурстың финалы болғанда, шетелдіктерді өткізеді де, қазақ сәулетшілерін қалдырады, тіпті қорғауға мүмкіндік бермейді. Бұл ерсі әрекет және ашуды келтіретін", - деп мәлімдеді сотталушы Шоқан Матайбеков.

Айта кетейік, сәулетші республикадағы, нақтырақ айтқанда Астанадағы белгілі нысандардың, скульптуралық құрылымдардың және қоғамдық ғимараттардың жобалауына қатысқан. Олардың ішінде Астанадағы Министрлік үйі, "Қобыз залы" концерт залы, "Шабыт" шығармашылық үйі, "Нұржол" гүлзары маңындағы көпфункциялы кешен және елордадағы бірқатар ірі тұрғын үй кешендері, мейрамханалары бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети