Бес баланың анасы өзін-өзі өртеп жіберген: Судья ақталып шықты

20 Қазан 2017, 16:17
2
Бес баланың анасы өзін-өзі өртеп жіберген: Судья ақталып шықты -

Алатау аудандық сотының экс-судьясы Өмірзақ Серімов ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әділ емес үкім шығарған деп айыпталған еді. 

Мұндай үкімді Медеу аудандық №2 сотының судьясы Фаррух Омаров шығарды. "Сот Серімовті айыпты емес деп таныды. Ісінде қылмыс құрамын болмағандықтан, оны ақтау туралы шешім шығарады", - деді ол. 


Жәбірленуші тарап. ©Tengrinews.kz


Медеу аудандық №2 сотының судьясы Фаррух Омаров. ©Tengrinews.kz

Еске салайық, Өмірзақ Серімов қызметін асыра пайдаланды және үкімді әділ шешпегді деген күдікке ілінген еді. Мемлекеттік айыптаушы экс-судьяны 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар, экс-судьяның зардап шеккен тараппен татудасқаны белгілі болды. 

Оқиғаны тарқатсақ, 2009 жылы Алмалы аудандық сотына келген бір келіншек жұбайы екеуінің некесі заңды екенін растауын сұрайды. Сол кездегі судья Өмірзақ Серімов сұранымды растайды. Сол құжат негізінде тұрғын күйеуінің атына рәсімделген "Ұлжан" ықшам ауданындағы үйін көпбалалы отбасына сатып жібереді. Арада біраз уақыт өткен соң дәл осы судья Серімовке үй қожайынының бауыры келіп, алғаш шығарған шешімін жоюды сұрап, үйден дәм етеді. Соңында 4 миллион теңгеге сатылған үйдің келісімшарты бұзылып, үйден отбасы шығарылатын болады. Сауда-саттықты растамаған судьяның шешіміне ашынса керек, үйге сот орындаушылары келгенде үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай