Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Бесқарағай орманын отаған 7 адам ұсталды 12 қаңтар 2015, 12:34

Табиғатқа 2 миллион теңгеден астам шығын келді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©ru.krymr.com ©ru.krymr.com

Павлодар облысының Бесқарағай ауданында орманды заңсыз қырыққан жеті адам рейд кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орман шаруашылығының 154-155-кварталдарында Лебяжі аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері осы аудандағы ауылдардың 24-44 жас аралығындағы жеті тұрғынын ұстады, олар орманда ағашты заңсыз шабумен айналысқан", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, полицейлердің айтуынша, оқиға орнынан "МТЗ-82" маркалы екі трактор, "Кун" аспалы механизмі бар құрал-жабдық, мемлекеттік тіркеу номері жоқ "УАЗ" автокөлігі және үш "Дружба" қоларасы тәркіленді. 

Полицейлер ҚР ҚК 340-бабының 3-бөлімінің 3 және 4-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Келген шығын - 2 миллион 63 мың теңге.

Бұған дейін Павлодар облысында 70 түп ағаш кескен тұрғынның үш жылға сотталғаны хабарланған еді. Ол 70-ке жуық ағашты кесіп, орманға 1,7 миллион теңге залал келтірген еді. Ал Шығыс Қазақстанның орманшылары шырша кесуге салынған мораторийді алып тастауды сұрайды. "Шектеу қойылғалы бері орманда құлаған, ауырған қылқанжапырақтылар көбейіп кетті", - деген олар бұл бастаманы құқық қорғау органдарының өкілдері қолдамағанын айтты.


Join Telegram