13 қаңтар 2015 20:18

Бестөбе кенішінде алтынды заңсыз өндірді деген күдікпен 11 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түйіршіктелген алтын. ©REUTERS Түйіршіктелген алтын. ©REUTERS

Ақмола облысында полицейлер алтын кенін заңсыз өндіруге күдікті 11 адамды анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысында полицейлер алтын кенін заңсыз өндіруге күдікті 11 адамды анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құқық қорғау қызметкерлері күдіктілерді Степногорск маңындағы Бестөбе ауылында алдын алу шараларын жүргізу барысында әшкереледі. Бұл шара құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру, өңдеу және сату деректерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережесінің сақталуын қадағалау мақсатымен жүргізілді. 

"10-11 қаңтар күндері Бестөбе ауылында полицейлер ішкі істер органдарының алдын алу есебінде тұрғандарды, соның ішінде бұрын сотталған, спиртті ішімдікке әуес және отбасының шырқын бұзатын адамдарды тексерді. Көші-қон заңнамасы мен лицензиялық-рұқсат беру жүйесі ережелерінің сақталуы тексерілді. Тәртіп сақшылары барлығы 800 тұрғынжай мен баспананы, соның ішінде жалға берілетін 12 пәтерді қарап шықты", - деп хабарлайды облыстық депараменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша 13 әкімшілік хаттама толтырды. Алдын алу шарасы кезінде Бестөбе аумағына 4 тұрақ орнатылды, шахталар маңында 5 автопатруль жұмыс істеді. 

Еске сала кетейік, 2013 жылдың күзінде Бестөбе кенішінде мемлекетаралық іздеу жарияланған экстремист Қуаныш Қапашев ұсталған болатын. Сол кездегі қаржы полициясының мәліметінше, ол салафизм діни ағымын ұстанушы бір топ серігімен бірге кеніштен алтынды кенді заңсыз өндірген. Барлығы 2,7 келі алтын өндіріп, оны 18,9 миллион теңгеге сатқан. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети