Бейнебақылау камералары Алматыда 51 қылмысты ашуға көмектесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©fotokanal.com ©fotokanal.com

Алматыда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде 32 мыңнан астам бейнебақылау камерасы пайдаланылып отыр, 1700-ден астам көпқабатты үйдің ауласында бейнекамералар бар. Бұл қондырғылардың арқасында өткен жылы 51 қылмыс ашылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде 32 мыңнан астам бейнебақылау камерасы пайдаланылып отыр, 1700-ден астам көпқабатты үйдің ауласында бейнекамералар бар. Бұл қондырғылардың арқасында өткен жылы 51 қылмыс ашылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бейнебақылау жүйелерінің дамуы - заңбұзушылықтың алдын алудың тиімді әдісі. Қысқа мерзім ішінде "Қауіпсіз аула" жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Бейнеқадағалау жүйесі орнатылған тұрғын үйлерде қылмыстар мен заңбұзушылықтар аз тіркелді. Қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруде барлығы 32 мыңнан астам бейнебақылау камерасының мүмкіндігі пайдаланылып отыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бұл бағыттағы жұмыс Алматы әкімінің тапсырмасымен бірнеше кезең бойынша іске асырылып жатыр. Учаскелік инспекторлар меншіктің түрлі формасы нысандарына бейнекамералар орнатудың тиімділігін насихаттаған алғашқы жартыжылдықта-ақ бейнебақылауға алынған көпқабатты үй аулаларының қатары көбейді. "Арнайы талдау камералардың көмегімен 2014 жылы 51 қылмыс ашылып, 32 356 заңбұзушылықтың анықталғанын көрсетті", - деп хабарлады қалалық полиция. 

Бұған қоса, меншіктің түрлі формасына тиесілі 8 мың нысанға бейнебақылау жүйесі орнатылған. Олардың жартысында 20 мыңнан астам камера жұмыс істеп тұр. Нысандардағы бейнекамералардың саны туралы ақпарат базасы жасалып, толықтырылып отырады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer