24 қаңтар 2017 16:48

Бигелді Ғабдуллин сот залында қамаудан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол лауазымды тұлғалардан бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған еді.


Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол лауазымды тұлғалардан бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған еді.

Бигелді Ғабдуллин 5 жылға бас бостандығынан шектелді. Ол сот залында қамаудан босатылды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-тармағында қарастырылған қылмыс жасады деп танылсын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-үлестіру және материалдық-жауапты функцияларға байланысты жетекші қызметтерге келу құқығынан 10 жылға айырыа отырып, 5 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалсын", - деп оқыды үкімді судья.

Ал осыған дейін прокурорлар Ғабдуллинді бас бостандығынан айыруды сұраған. Ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин 7 мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети