31 шілде 2018 14:35

БҚО-да 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да 17 жастағы Дана Ғабдығалиеваны өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО-да 17 жастағы Дана Ғабдығалиеваны өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"28 шілдеде шамамен сағат 10.00-де Зеленов ауданындағы Дарьинское ауылында денесінде зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен А. есімді жігітті ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, 17 жастағы қызды әскерден келген жігіті өлтірген болуы мүмкін. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дана көктемде жігітпен кездесе бастаған. Аты Асхат Темірбаев, ол енді әскерден келді. Алайда, қыз жақында жігітпен қарым-қатынасын үзген. Оған жауап ретінде ол қыздан кегін алатынын айтқан. 

"Сол кеште Дананың анасы Нұрия ауруханада болған дейді. Қызды Асхат далаға шақырғанда әкесі ұйықтап жатқан. Ал ол қызды өлтірген. Кейін денесін ағаш түбіне лақтыра салаған", - деп қосты Жаңылсын.


17 жастағы Дананың денесі табылған жер

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети