27 қыркүйек 2019 11:08

БҚО-да 2,4 миллион теңге жымқырған шенеунік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің бас маманы И.І.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген", - делінген сыбайлас жемқорлық агенттігі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында. 

Был 26 қыркүйкте БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.І.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети