24 қараша 2016 11:15

БҚО-да ер адам 6 жастағы қызды зорлағанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© emigrados.ru © emigrados.ru

БҚО-да ер адам 6 жастағы қызды зорлағанын мойындады, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы. 


БҚО-да ер адам 6 жастағы қызды зорлағанын мойындады, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы. 

Күдікті бірінші сынып оқушысын зорлағаны туралы қылмыс жасағанын мойындады. 

"Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау, 14 жасқа толмаған, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса") бойынша тергеу шараларын бастап кетті. Ер адам ұсталды, іс сотқа жіберілді. 

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер қыздың үш күн бойы Жәнібек ауданындағы ауруханада дәрігерлердің қарауында болғанын айтады. Қазіргі уақытта қыз өзін жақсы сезінеді", - деп жазады басылым. 

Осыған дейін, 26 қазанда Жәнібек ауданының бір ауылында алты жастағы қыздың зорланғаны туралы хабарланған. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети