Жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың қызметкері сол күні жұмыстан босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметіндегілер оқиғаның 7 шілдеде таңғы 05:30-да болғанын айтты. Оралда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының қызметкері - 1994 жылғы Ғалымжан Мыңжасаров Toyota Camry маркалы автокөлігінің тізгінінде болып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, сосын оқиға орнынан қашып кеткен.
"Сол күні біз барлық қажетті шара қолданып, оны жұмыстан босаттық. Ол теріс қылығы үшін босатылды. Прокуратура органы өз қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттеріне байланысты барлық шараны қолданады", - деді комитет баспасөз қызметкері Асқар Атагулин.
Баспасөз қызметіндегілер медициналық сараптама қорытындысы бойынша Мыңжасаров жеңіл мас күйде болғанын мәлімдеді.
"Ол балағат сөздер айтып, төбелесті деген мәлімет расталған жоқ", - деді Атагулин.
Осыған дейін өңірлік БАҚ беттерінде Оралда мас прокурор Ғалымжан Мыңжасаров жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы мәліметтер жарияланған болатын. "Уральская неделя" сайтының мәліметінше, жол апаты ІІБ ғимаратының алдында болған.