27 қыркүйек 2019 14:08

БҚО-да заңсыз киік аулағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында қызыл кітапқа енген жануар киіктерді заңсыз ату дерегі тіркелді, - деп хабарлайды "Хабар24".


Батыс Қазақстан облысында қызыл кітапқа енген жануар киіктерді заңсыз ату дерегі тіркелді, - деп хабарлайды "Хабар24".

Жаңақала және Қазталов ауданының шекарасында жүрген "Охотзоопром" қызметкерлері "Лада приора" жеңіл көлігін байқаған. Табиғат сақшыларын көріп, көзден таса болмаққа тырысқан күдіктілер айғақ заттарды жолшыбай тастай қашқан. Бірақ, алысқа ұзай алмапты. Қолға түскен екі ер адамның бірі Жұлдыз ауылының тұрғыны екені анықталды. Тінту кезінде олардан 17 дана киік мүйізі, тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, оқшантай, қол арасы мен пышақ тәркіленген. 

Айта кетейік, келесі күні дәл осы аумақтан тағы мүйіздері кесілген 20 киіктің өлексесі табылды. Қазір аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети