16 қаңтар 2018 15:12

БҚО-да 70-тен аса ақбөкенді қырды деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да 70-тен аса ақбөкенді қырды деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БҚО-да 70-тен аса ақбөкенді қырды деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Ақжайық ауданының 45 жастағы тұрғыны 70-тен аса ақбөкенді атып тастады деген күдікке ілінді.

"12 қаңтарда Жаңғалы ауданы Көпжасар ауылдық округінің маңында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен инспекторлар тексеру шаралары барысында заңсыз ақбөкен аулағаны үшін Ақжайық ауданының 1973 жылғы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде 72 ақбөкеннің тұтас еті тәркіленді", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша ("Заңсыз аңшылық") қылмыстық іс қозғалды.


© БҚО ІІД баспасөз қызметі

 "Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", -  делінген ІІД хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети