Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Білім және ғылым министрлігі оқушыға тап берген шымкенттік мұғалім жайлы видеоға түсінік берді

02 Маусым 2015, 16:57
0
YouTube видеоролигінен алынған кадр
YouTube видеоролигінен алынған кадр

ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер оқушыға тап берген шымкенттік мұғалімге қатысты оқиғаға түсінік берді, бұл оқиғаның бас кейіпкері - 26 жастағы Жұлдыз Нәметова. TengrinewsTV тілшілерінің ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, оқиға 2015 жылы 16 мамырда болған. Сабақ үстінде болған жағдай кеңес барысында талқыланып, мұғалім 18 мамырда мектеп директорының бұйрығымен жұмыстан қуылды.

Оқушыға психологиялық көмек көрсетілді. "ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру басқармасына осыған ұқсас және білім беру ұйымдарында даулы жағдайларды болдырмау шараларын қолға алу, білім беру мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау және басшылар мен педагогикалық қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру туралы хат жолданды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бұған дейін Шымкенттегі Әлішер Навои атындағы №11 мектептің математика мұғаліміне қатысты сотқа дейінгі өндіріс "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабы бойынша басталғаны белгілі болды. Еске сала кетейік, мұғалім ашу үстінде балаға айқайлап, оның қолынан сүйреп, бетіне заттарын лақтырған. Мұның барлығын оқушының сыныптастары телефонның камерасына түсіріп, Интернетке жариялады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай