1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Білім және ғылым вице-министрінің соты өтетін күн белгілі болды

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты іс елордалық сотта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суханбердиеваға қатысты қылмыстық іс 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда №2 Есіл аудандық сотында қаралады. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Еске салсақ, 2 шілдеде Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілген еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, ол процессуалдық келісімге келген.