19 қыркүйек 2016 17:02

Бөлшектелген денесі табылған ер адамның өліміне қатысы бар делінген күдіктілер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бөлшектелген денесі табылған ер адамның өліміне қатысы бар делінген екі күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.


Бөлшектелген денесі табылған ер адамның өліміне қатысы бар делінген екі күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

"Алмалы аудандық соты қылмыс жасады делінген А.Т. және К.А. есімді азаматтарды ҚР Қылмыстық кодекснің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша 2016 жылдың 14 қарашасына дейін қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Алмалы аудандық сотындағылар.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Ал таяуда қаза болған ер адамның Алматыға Кентаудан келгені белгілі болды. Сонымен қатар, оның туысы келіп, мәйітті таныпты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети