Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Бота Жұмановаға не үшін шабуыл жасалғаны анықталды

26 Қазан 2015, 13:14
2
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Бота Жұмановаға шабуыл жасады делінген ер адам оны тонамақ болған, - деп хабарлайды Тengrinews TV Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 22 жастағы жігіт құрбанды әдейі таңдамағанын, көшеде көріп қалып, кейін ізінен ергенін айтты. Ол көршілердің айғайынан кейін қызды тонай алмаған.

Шабуыл жасаған адамның Жаркент тумасы екені анықталды. Ол құрбанының тілші екенін жаңалықтардан білген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Тергеу қылмыстық істі "Тонау" бабына ауыстыру мәселесін шешіп жатыр", - деді Алматы ІІД. Еске сала кетейік, қылмыстық іс бұған дейін "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалған еді.

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған еді. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай