Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бішкекте көлік тонайтын қазақстандықтар ұсталды

26 Наурыз 2014, 16:31
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Бішкекте Свердлов ішкі істер басқармасының қызметкерлері жаңа пульт-сканерлердің көмегімен автокөліктерді оңай ашып, ішінен бағалы заттарды ұрлаған Қазақстанның үш азаматын қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Айбек Жайлообаевқа сілтеме жасап.

Бішкектің Свердлов ауданының қылмыстық іздеу қызметіне Қазақстаннан келген ұрылар тобы туралы ақпарат наурыз айының басында-ақ түскен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде милиция қызметкерлері қазақстандықтардың тұратын орнын анықтап, оларды аңди бастайды. Ұрылар қымбат автокөліктерді Бішкектің түрлі ауданында, негізінен, ірі сауда орталықтарының маңында тонаған.

Олар кезекті шетелдік көлікке қол сұға бастаған кезде заттай айғақпен ұсталды. Ұрылардан екі планшет, ұялы телефон, сөмке, тоғыз грамм гашиш пен бірнеше пульт-сканер тәркіленді. Жауап алу кезінде ұсталғандар қарапайым дабыл пульттерінің ішіне сканерлер салынғанын, соның көмегімен автокөліктерді кедергісіз ашып отырғанын айтты. Олар сканерлерді Қазақстанда мың долларға сатып алыпты.

Тергеу барысында бұл топтың бес автокөліктің тоналуына қатысы бары дәлелденді. Ұсталған адамдарға қатысты "Жеке мүлікті бұзу жолымен ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қырғыз милициясы қазақстандық әріптестеріне ұсталғандардың Қазақстан аумағында жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін қатынасхат жолдады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай