15 мамыр 2017 | 13:51

ІІД өкілдері "Гелендваген" мен автобустың соқтығысуына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда автобуспен соқтығысқан "Гелендваген" жүргізушісі - Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі Бекзат Бөшен ішкі істер органдарына келіп тұруға міндеттелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобуспен соқтығысқан "Гелендваген" жүргізушісі - Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі Бекзат Бөшен ішкі істер органдарына келіп тұруға міндеттелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Гелендваген" жүргізушісі іс бойынша күдікті деп мойындалды. Оның ісіне сот-медициналық сараптамадан кейін баға беріледі. Зардап шеккендердің жарақаты қаншалықты ауыр болғандығына байланысты. Қазір ол келіп тұруға міндеттелді", - дейді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Ал осыған дейін Бекзат Бөшен жол-көлік оқиғасының мән жайын айтып берген болатын. Сонымен бірге, ол қазақстандықтар алдында кешірім сұрап, ЖКО кезінде зардап шеккендердің барлығына көмектесуге уәде берді. ҚР Бас прокуратурасы жарқат алғандардың барлығына көңіл білдіріп, істің тергеуін өз бақылауына алатындығын мәлімдеді. 

Қазіргі кезде "Гелендваген" жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған: оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Еске салайық, ірі жол апаты 11 мамыр таңғы 10:00-де болған. "Гелендваген" жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығысқа қарай жүріп бара жатып, Потемкин көшесіне бұрылатын тұста жолаушылар автобусына соқытығысқан. 

Оқға салдарынан 23 адам, соның ішінде "Гелендваген" жүргізушісінің 2 жастағы ұлы да жарақат алды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети