22 қазан 2015 09:35

Дәрігерді балағаттаған павлодарлық бес күнге қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Павлодарда дәрігерді балағаттаған емделуші бес күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына сілтеме жасап.


Павлодарда дәрігерді балағаттаған емделуші бес күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына сілтеме жасап.

Оқиға Павлодар облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде болды. Соттың мәліметінше, медициналық қызметке көңілі толмаған 32 жастағы ер адам жанжал шығарған. Өзін тексермек болған кезекші дәрігерді ол балағаттап жібереді. Сот отырысында жанжал түсірілген видео көрсетілді. Онда ер адамның өзін ұстауы, есікті қатты жапқаны көрсетілген. "Сот құқық бұзушыны "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тауып, бес күнге қамауға алу туралы шешім шығарды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта ер адам кінәсін толықтай мойындады. Ол өз әрекетін сол кезде мас болғанымен түсіндірді. Айта кетейік, дәрігер емделушінің өзінен кешірім сұрамағандықтан оны он күнге қамауға алды сұрады. Дегенмен прокурор павлодарлықтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, жазаны жеңілдетуін сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети